Taxi

ByFly Taxi · Құжаттар

Сапарлар мен қоңырауларды жазу қағидалары

Редакция 2026-11-01 · 01.11.2026 ж. бастап күшінде

1.Жолаушы мен жүргізуші арасындағы қоңыраулар сервис арқылы өтеді және жазылады; сөйлесу алдында ескерту естіледі.

2.Жазбалар Қазақстан Республикасындағы серверлерде сақталады және тек шағымдарды қарау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және заң талап еткенде пайдаланылады.

3.Қоңырау жазбаларының сақталу мерзімі — жазылған сәттен бастап 30 күн, содан кейін олар жойылады. Сапар бойынша шағым, қауіпсіздік түймесі арқылы шақыру, оқиға немесе полицияның не соттың сұрауы болса, жазба іс жабылғанға дейін және тағы 30 күн сақталады.

4.Жазбаларға тек «ByFly Group» ЖШС уәкілетті қызметкерлерінің қолжетімділігі бар, әр тыңдау журналда тіркеледі.

5.Қосымшада салондағы дыбысты жазу әзірге қосылмаған; оны қоспас бұрын біз жаңа редакцияны жариялаймыз және келісім сұраймыз.